Диалог... Ж:- Алло... Қ:- Иә , тыңдап тұрмын. Ж:- Өзгермепті сол баяғы қымбат үнің. Қ:- Кешіріңіз , мүмкін сіз қателесіп.... Ж:- Жо жоқ. Мен өткенің , айтар болсақ шындап күнім. Жігіт : Содан бері талай өтті , көктем , қыс... Біздер солай , ажырасып кеткенбіз... Қоңырауды шалып едім , сағынып... Жүрегіме ұя салып өткен қыз... Қыз : Иә , таныдым , бірақ неге іздедің...? Мұның қалай , қалаған сәт , кезгенің... Айырылысып кеткен жанбыз , бөтенбіз... Дұрыс болар үмітіңді үзгенің... Жігіт : Эһ , жарығым , сол қырсықтық , баяғы... Көңілдегі сағынышты жояды... Қасымда сен болмасаң да бәрібір... Жүрек сені кейде ойлап қояды... Қыз : Уақытым жоқ өтірікті тыңдайтын... Сол жігітсің , әңгімең де тынбайтын... Қыз жоқ еді бұл өмірде сен үшін... Сендей көркем жігіттерге сынбайтын... Жігіт : Болды енді , қалжыңдастық , қояйық... Арадағы реніштерді жояйық... Өткен күннің елестерін еске алып... Ақ қаламмен , ақ қағазға бояйық... Қыз : Ұятың жоқ , тек көтерер жер сені... Өткен күнді ойламағың еңселі... Әңгімені доғарайық , себебі... Біраз болды , ұмытқалы мен сені... Жігіт : Жүрек талай солды бірде тіріліп... Қарағам жоқ бір аруға бұрылып... Сенші жаным жүрек құрғыр сен дейді... Көңілімде жатыр әлі бір үміт... Қыз : Менің қазір жігітім бар әдемі... Жатыр онда ғашықтықтың әлемі... Ренжітпейді , ешқашан да ол мені... Осымеді саған қалқам керегі... Жігіт : Жүрек шіркін қырсықтыққа төзуде... Сенеді деп ойлайсың ба сөзіңе..? Сеземін ғой , сағындың сен шын мені... Шындық айтшы тура қарап көзіме... Сүйесің ғой айталмайсың білемін... Сезіп тұр ғой менің адал жүрегім... Мені ойлап жүресің ғой үнемі... Мен де жаным сені ойлап жүремін... Ж:- Алло...неге үнсізсің.? Қ:- Тағы да білінді жиі ажарың... Ж:- Сағындың ғой тіл қатшы... Қ:- Иә , жаным.... (с). Ермахан Қалжігіт... 28.02.2016ж...11:14...

Теги других блогов: поэзия жизнь диалог