ЖІГІТТЕРГЕ ҚҰЛАҚҚАҒЫС!
"Балам, есіңде сақта, жігіт деген еш уақытта қыздың жетегінде жүрмеуі керек. Оларға жұмсақ әрі қатал, мейірімді әрі ынтық болып қара. Жалпы, әр түрлі бола біл. Әрбір сөзін құптай берме. Әйел адам не айтса, соның бәрін істеп жүретін болсаң, оның көз алдында еркек деген атыңнан айырыласың. Оның саған деген ынтызарлығын азайтасың. Көз алдыңда жүрсе де, саған бұрынғыдай қарамайды. Бұл жағдайда ешқандай сыйлық та, шынайы адалдық та көмектесе алмайды. Мұның бәрі қызды өзіңнен тек итермелей түседі. Тұтас билікке ие болғандай әсер алған ол, сені одан сайын бағындыруға тырысады. Бұлай ешқашан да жасама. Әдетте әйел адам бір нәрсе айтса да, басқа нәрсені қалап тұрады. Бұл жерде қарама-қайшы болып келетін әйел табиғатын қаншалықты ұғынғаның маңызды. Негізі, олар саған өздерінің не қалайтындығын тура айта бермейді. Өйткені соны өзің аңғарып, іс-әрекеттеріңмен олардан озық болғаныңды қалайды. Қыздарға құлдың қажеті жоқ. Олар қасында тек қана нағыз еркектің болғанын қалайды."
Дмитрий Бриловтың "Ирбис" романынан үзінді.
P.S. Орысшадан аударған - Дарын Отынбай.